Қызылордалық полицейлер мал ұрлығы қылмысының бетін ашты

519

0

Фото: Polisia.kz

Қызылордалық полицейлер мал ұрлығы қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы тұрғынының үй ауласынан 3 қой ұрланғаны жөнінде полицияға арыз түскен. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен жедел-тергеу тобы жіберіліп, күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сол ауданның 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Айғақты заттар алынды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3-тармағымен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<