Топ-баннер2

Қызылордалық полицейлер мерекелік шара ұйымдастырды

18

0

Фото: Qyzylorda PD

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы ардагер аналарды, полицей әйелдерді мерекемен құттықтады.

Бүгінгі салтанатты шара барысында шаңырақ берекесімен қатар қызметтің тізгінін тең ұстаған әйел полицейлерді құттықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал – лейтенанты Саденов Ержан Сапарбекұлының құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері марапатталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы полиция қатарында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп жүрген әйел-полицейлерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

«Сіздер бүгінде отбасы, бала тәрбиесінен бөлек, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ер – азаматтармен бірге иық тіресе отырып мемлекетке қызмет атқарып келесіздер. Ал ардагер аналарымыз, Сіздер саналы ғұмырларыңызды, жастық шақтарыңызды қиындығы мен қызығы қатар жүретін ішкі істер органдарындағы қызметке арнап, бүгінде ардагер ана деген ерекше құрметке ие болып, ортамызды қуанышқа толтырып отырсыздар! Осынау жарқын мереке күні Сіздерге отбасының амандығын, деннің саулығын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін!» деген жылы лебізін білдірді Серік Жүрсінбайұлы.

Шара барысында бірқатар қызметкерлер мен ардагер аналар марапат төрінен көрінді.

Жалпы айтулы күнге орай Департамент бастығының бұйрығымен департаменттің 150 ден астам қыз-келіншегіне құрмет көрсетілді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегі, махаббаттың, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің құрметіне әндер шырқалып, ақ тілектер айтылды.