Қызылордалық полицейлер қан тапсырды

477

0

Фото: ПД

«23 маусым – Қазақстан полициясы күніне» орай қызылордалық полицейлер жылдағы үрдіс бойынша сауапты іске мұрындық болды. Донор болу арқылы қанға зәру науқастарға көмек беруді ұйғарды.

Іс-шараға Полиция департаментінің жеке құрамы ұйымдасқан түрде бір кісідей атсалысты. Олар бұл күні қан тапсырып, донор атанды.

«Мұқтаждарға көмек қолын созу мақсатында бүгін қызметкерлеріміз донор болды. Дәрігердің жіті тексеруінен өткен қызметкерлеріміз ғана донор атанды. Полиция жұмысы күн сайын қауіп-қатермен байланысты, сондықтан да құқық қорғау органдарының қызметкерлері дертке тап болған адамдарға уақытында көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін басқалардан жақсы біледі.

«Бір донор-бір өмір» деп бекер айтылмаған және біздің іс-әрекеттеріміз біреудің анасы мен әкесінің, баласы мен ағасының өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз» деді Департамент бастығының орынбасары полиция подполковнигі Омаров Оралбек.

Игі істі бастамас бұрын барлық донорлар медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға болады. Әр донордан 450 мл қан алады. Процедураның өзі дайындықпен бірге 20 минуттан аспайды.

Қан беру — өзге біреуге жаңа өмір сыйлаумен тең. Осы ретте бүгінгі шара барысында тұрақты түрде донор болып жүрген тәртіп сақшыларына облыстық қан орталығы тарапынан Алғыс хат табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<