Қызылордалық полицейлер тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

424

0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы бүгінгі саптық жиын барысында спорттық жетістіктерге жеткен полицейлерді марапаттады.

Ағымдағы жылғы 14-17 сәуір аралығында Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткізілген Алыс белбеу күресі бойынша Баяман Эркинбаевты еске алу арналған халықаралық ГРАН ПРИ турнирінде жүлделі 3 – орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы полиция аға лейтенанты Оразбай Арайлым иеленді.

Сондай – ақ 12 – 14 сәуір аралығында Ақтау қаласында карате спортынан өткен Қазақстан чемпионатында Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы полиция аға лейтенанты Қабланбек Кемелбек жүлделі 3 орынға ие болды.

Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, олардың кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағанын атап өтті.

Сонымен қатар бүгінгі жиын барысында полиция полковнигі О.Омаров жеке құрамның нысандық киім үлгісін, қызметтік куәліктері мен жеке жетондарының талапқа сәйкестігін тексерді. Саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын тапсырды.