Қызылордалық полицейлер тыйым салынған өсімдікті заңсыз өсірген тұрғынды ұстады

525

0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Қарасора 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында арнайы рейдтік жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, 28 маусым күні өз үйінің ауласында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген 37 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы 2 – бөлігімен сотқа дейінгі тергеп текеру әрекеттері жүргізілуде.

Жедел құрылған полицейлер тобы және Қызылорда қалалық прокуратурасының қызметкерлерімен күдіктінің ауласында өсіп тұрған 24 түп сора өсімдігі айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған түптер 6405 гр сора өсімдігі болып шықты. Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән – жайы анықталды.