Қызылордалық полицейлер жоғалған 4 жастағы бүлдіршінді аман-есен тапты

635

0

13 шілде күні сағат 15:40 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып 4 жастағы баласының үй маңында ойнап жүріп, қайта үйіне оралмағаны туралы хабарлады.

Жоғалған жасөспірімді табуға Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде 4 жастағы бүлдіршін сағат 16:05 шамасында аман — есен табылды.

Дін аман табылған жасөспірімнің ата — анасы 102-ге хабарласқан сәттен бастап, бірден іздестіруге кіріскен және кәсібилік пен жеделділік танытқан полиция қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<