Қызылордалық полицейлер жоғалған 9 жастағы жасөспірімді аман – есен тапты

501

0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «102» арнасына жергілікті тұрғын хабарласып 9  жастағы баласын үй маңында ойнап жүріп, қайта үйіне оралмағаны туралы арызданды.

Жоғалған баланы табуға Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды.

Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде бүлдіршін аман – есен табылды. Тәртіп сақшылары баланы аман-есен тауып, ата-анасына табыстады.

Егерде сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түссіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Полицейлер жоғалған жанды жедел табу үшін іздестіру шараларын атқаруға әрдайым дайын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<