Қызылордалық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы атанды

923

0

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Айдос Ермағамбет «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы атанды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған басымдықтарды қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында ағымдағы жылғы тамыз айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты республикалық байқауы өткізілді.

Байқауға еліміздің барлық сала мамандары (Білім және ғылым саласының мамандары, медицина саласының мамандары, спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, дарынды жастар, ауыл-шаруашылық мамандары, ақпарат саласының мамандары, заң саласының қызметкерлері, есепшілер, құрылыс саласының мамандары, әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер) қатысты. Байқаудың мақсаты: Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Байқау нәтижесінде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Айдос Ермағамбет жүлделі орынға ие болды.

Байқаудың марапаттау рәсімі биылғы жылдың 12 желтоқсанында Аста қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өтті. Байқаудың кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылды. Байқау жеңімпаздары «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты энциклопедиясы мен «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» төсбелгі, куәлік және құрмет грамоталарымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<