Қызылордалық құтқарушылар Ақтөбе мен Қостанай облысына аттанды

545

0

Фото: Қызылорда облыстық ТЖД

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар саласының мамандары қазір Қостанай және Ақтөбе облыстарында тасқын суға қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бүгінде Қостанай және Ақтөбе облыстарында қызылордалық 66 құтқарушы қызметін атқарып жүр. Олардың еншісінде 9 арнайы техника, 4 қайық, 20 мотопомпа бар.

«Ал еріктілер барлық аудан мен Қызылорда қаласынан 112 тонна гуманитарлық көмекті Ақтөбе қаласы мен Қобда ауданына 25 жүк көлігімен жөнелтті. Оның ішінде ақтөбелік тұрғындарға қажетті азық-түлік, көрпе-төсек, гигиеналық құралдар, дәрі-дәрмек, құрылыс заттары бар. Оған қоса Ақтөбе облысында ашылған есепшоттарға көмек ретінде қомақты қаржы аударылды. Тасқыннан зардап шеккен басқа өңірлерге де гуманитарлық көмек көрсету үшін «Жастар орталықтары» жанынан, сауда үйлері мен базарлардан пункттер ашылған. Бұл бастаманы Сыр өңірінің жанашыр азаматтары мен еріктілер қолдап, өз үлестерін қосуда», – деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<