Қызылордалық спортшы пара пауэрлифтингтен Азия рекордын жаңартты

4

0

Фото: Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

7-12 сәуір аралығында Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен Азия және Мұхит аралық чемпионатта қызылордалық Снежанна Бойко 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, ел мерейін үстем етті.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, халықаралық деңгейдегі дүбірлі додада Сыр елінің мақтанышы жекелей сында да, үш тәсілдің қорытындысы (тотал) бойынша да топ жарып, чемпион атанды. 

– Спортшымыз сонымен қатар 78 келі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен жастар арасында Азия рекордын жаңартты. Оны жарысқа пара пауэрлифтингтен аға жаттықтырушы Бақытбек Рысбаев жаттықтырды, – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, биыл І тоқсанның қорытындысы бойынша отандық спортшылар халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсеткенін хабарлаған едік.