Қызылордалық Ергеш Садықов Құрбан айт мерекесінде тегін такси қызметін көрсетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұсылман қауымы үшін қасиетті айда адамдардың бір-біріне жақсылық жасауы – ізгі іс. Осыны қаперге алған Ергеш аға таксист болып күні бойы жолаушыларды тегін тасымалдады.
«Қол көтеріп тұрғандардың арасында сенбей мінбегендер де болды. Таңырқап, барар жеріне жеткесін алғысын жаудырғандар көп. Бір күнге 25 литр бензин кетті. Тәуекел, одан кеміп қалмаймын», – деді қала тұрғыны.
Назерке Саниязова
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<