ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РОСО» РМҚК базасында ағымдағы жылдың 17 мен 21 сәуір аралығында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VІ республикалық байқауы өткізілді.
Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін белсендіру, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және оларды еліміздің білім беру мекемелерінде бекітуді мақсат еткен байқауда жалпы 57 педагог қатысқан болатын. Аталмыш білім бәсекесіне Сыр өңірінің атынан 3 педагог қатысып, бақтарын сынады.
Байқау қорытындысы бойынша аймағымыздың атынан қатысқан Сырдария ауданы №42 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Төлеген Піржан үздіктер қатарынан көрініп, «ENERGIZER- ҰСТАЗ» номинациясын иеленді.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<