15 наурызда, яғни еліміздің жаңа Конституциясын қабылдауға арналған республикалық референдум өтетін күні Қызылорда қаласында қоғамдық көліктер халыққа тегін қызмет көрсетеді.
«Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің хабарлауынша, мұндай шешім тұрғындардың маңызды саяси науқанға қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Мекеме қалашілік жолаушылар тасымалының барлық бағытын қамтамасыз етеді. Бүгінде Қызылорда автобус паркінде 300 автобус бар, олар 32 бағыт бойынша тұрақты қызмет көрсетеді. Қала ішінде автобус маршруттары біртұтас желіге біріктірілген, – делінген хабарламада.
Жолаушы тасымалдайтын автобустар 2GIS, Яндекс GO және Яндекс Карта ұялы қосымшасына тіркелген. Өз кезегінде қала тұрғындары мен қонақтары діттеген жеріне қосымша арқылы қай бағыттың қай уақытта жүретінін бақылай алады.
Бұған дейін біз Алматыда мүгедектігі бар тұрғындар республикалық референдум өтетін күні сайлау учаскелеріне бару үшін «Инватакси» қызметін тегін пайдалана алатынын хабарлағанбыз.






