Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Сыр өңірінде қарқынды түрде жалғасуда. Акция аясында саябақтар, скверлермен аллеялар аумақтарын абаттандыру, қоқыстардан тазарту, ағаш отырғызу сынды жұмыстар белсенді жүргізілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің «Үлгілі елді мекен» конкурсы
Мемлекет басшысының «Ауылдық аумақтарды дамыту туралы» тапсырмасына сәйкес, облыстағы елді мекендер арасында тазалыққа, көркейту көгалдандыруға, абаттандыруға бағытталған «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілуде.
Байқау туған өлкені жасыл-желекке айналдырып, табиғатты аялауға және экологияның жақсаруына өз үлесін қосатын әлеуметтік маңызы бар ерекше жоба.
2023 жылы конкурс 2 мәрте көктем және күз айларында өткізіліп, облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеге жуыққаржы бөлінді.
Ауылдық аймақтарға қажетті арнайы техникалар қалдық тасымалдаушы көлігі, жол тазалағыш,жер қазушы, тиегіш тракторлар, ассенизатор машинасы, жүк тасымалдаушы көлігі секілді 29 техника жеңімпаз елді мекендерге табысталды.
Алғаш рет өткізілген көктемгі конкурсқа 7 аудан орталығы,24 ауыл қатысып, «Үлгілі аудан орталығы» номинациясы бойынша3 аудан орталығына және«Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша3 ауылға арнайы коммуналдық техникалар табысталды. Күзгі конкурста да осындай талаптарға сай жеңімпаздар анықталды.
Биылғы жылы да конкурс жалғасын тауып, облыстық бюджеттен 436 млн теңге бөлінді. Оған 19 техника сатып алынып, конкурс жеңімпаздарына табысталатын болады. Қазіргі таңда конкурсқа қатысушы елді мекендердің құжаттары жинақталуда.
Конкурс «Үлгілі аудан»,«Үлгілі ауыл» және «Үлгілі елді мекен» номинациялары бойынша өткізіледі. «Үлгілі елді мекен» номинациясы бойынша әр ауданнан 1 жеңімпаз елді мекен анықталады және оларға абаттандыру жобаларын қаржыландыруға облыстық бюджеттен 15 млнтеңгеден беріледі. «Үлгілі аудан» номинациясына аудандардағы кенттер мен қалалар,«Үлгілі ауыл» номинациясына тірек және серіктес елді мекендер,«Үлгілі елді мекен» номинациясына тірек және серіктес елді мекендерден басқа, елді мекендер қатысады.
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Үздік аула» конкурсы
Қызылорда қаласында «Үздік аула» номинациясы бойынша жыл сайын дәстүрлі түрде конкурс ұйымдастырылып келеді.
Өткен жылы қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен конкурс нәтижесімен Қызылорда қаласы, Абдрахманов көшесіндегі №19 көпқабатты үйдің ауласы«Үздік аула» номинациясының жеңімпазы атанды.
Көпқабаттыүйдің аталмыш номинацияның жеңімпазы атануына осы үйдің тұрғыны, зейнеткер БердіқожаКенжебаевтыңүлесі зор. Ол өз күшімен көпқабатты тұрғын үйдің ауласына соңғыжылдары100-ге жуық ағаш отырғызып, ауланың жасыл желекке айналуына септігін тигізді.
Қызылорда қаласындағы қоқыс өңдеу полигоны
Қызылорда қаласы аумағындағы қоқыс полигонына Корея Республикасынан инвестор тартылып, қоқысты қайта өңдеу зауытын салу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда оңтүстік кореялық инвестормен Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан меморандумға қол қойылып, тиісті құжаттар әзірленуде.
Зауытқа 8 млрд теңге шамасында қаржы салынып, жылына 300 мың тонна қалдық сұрыпталып, қайта өңделетін болады.
Нысан 2025 жылдың ІІ тоқсанына пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«Қызылорда тазалығы» мекемесі
Бүгінде Қызылорда қаласының тазалығы мен абаттандырылуына жауапты «Қызылорда тазалығы» мекемесіекі ауысыммен жұмыс атқаруда. Тазалық жұмыстарына бір мезетте 75 арнайы техника мен 200-ден астам жұмысшы шығарылады.
Соңғы 2 жылда мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңғырту мақсатында 2 млрд 153 млн теңге бөлініп, оған қажетті техникалар алынды.
Айта кету керек, коммуналдық саланың жұмысшыларына қолду білдіру мақсатында оларға қоғамдық көліктерде тегін жүру қарастырылған және жылына бір рет шипажайларға тегін жолдама беріледі.
Бұдан бөлек, қаланы көгалдандыру жұмыстарына қатысты биылғы жылдың басында қалада арнайы «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, қаладағы орталық көшелер, сквер, аллеяларды көркейту мен қаланың көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары
Өңірде республикалық «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының кезекті еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті.
Шараға еңбекші жастармен қатар, волонтерлер, қала тұрғындарықатысты.«Жасыл ел» қозғалысы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, ортақ идеялар төңірегінде топтастыруда. Жастарды іріктеу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға өздерін көрсетуге, демалыс кезеңінде қосымша табыс табуына назар аударылып келеді.
«Жасыл ел» жобасы аясында биыл 1871 жас маусымдық жұмыспен, орналастыру, қажетті экипировкамен, белгіленген мөлшерде еңбекақымен қамтамасыз етіледі.
Қозғалыс мүшелерімен облыс көлемінде орналасқан мәдени-демалыс орындарында, аллея, сквер, алаңдар мен парктердерде көгалдандыру, аумақтарды қоқыстан тазалау шаралары атқарылады.
Іс-шарада 100-ге жуық еңбекші жастар Қызылорда қаласындағы «Б.Шөкенов саябағында» тазалау, сырлау, әктеу жұмыстарын жүргізіп, республикалық «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына өз үлестерін қосты.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған экологиялық акцияға барлығы 191 мыңнан аса еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Нәтижесімен, 8 мың тоннадан(8426)астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 505 скверлер мен парктер, 225 тарихи мәдени ескерткіштер, 791 әлеуметтік нысандар,1130 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 289 су объектілері, 24 445 аулалар мен көшелердің бойы тазартылып, 900-ге жуық техника жұмылдырылып, 129 мыңнан аса(129 358)өңірдің климатына сәйкес жерсінетін қарағаш, терек және сырталының көшеттері егілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<