Қызылша жұқтыру 11 пайызға азайды – Ажар Ғиният

1778

0

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидахуалдың жақсарып келе жатқанын айтты.

«Ауру жұқтыру көрсеткіші 11 пайызға азайды. 10 өңірде кейінгі үш апта бойы көрсткіш төмендеп жатыр. 7 өңірде ахуалдың тұрақтанғанын көріп отырмыз. Ауру жұқтыру көрсеткіші бір деңгейде тұр», – деді ол Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның сөзінше, үш өңірде өсу байқалып отыр.

«Бұл Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстары. Дәл осы өңірлерде қосымша вакциналау жүріп жатыр. Бұл өңірлерде халықтың вакцинамен қамтылу көлемі республикалық көрсеткіштен төмен», – деді министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<