ҚР ДСМ валсартаны бар препараттарды қайтарып алу себебін түсіндірді

272

0

ҚР ДСМ валсартаны бар препараттарды қайтарып алу себебін түсіндірді «Чжэцзян Хуахай Фармасьютикалс» компаниясы өндірген құрамында валсартаны бар препараттар Қазақстан нарығында айналымнан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті ішкі тексеріс жүргізу барысында «Вазар», «Нортиван» және «ВазарН» препараттарының тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Препараттар ауыр дерттерге қарсы пайдаланылатындықтан, емдеуші дәрігердің нұсқауынсыз кері қайтарылған препараттарды қабылдауды доғаруға болмайды. Бұл жағдайда жоғарыда аталған өндірушілерден шыққан валсартанды қабылдайтын барлық науқастар басқа препаратқа ауысу үшін дереу дәрігер кеңес алуы қажет», – деді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрайымы Людмила Бюрабекова.
 Оның айтуынша, Дәрі-дәрмектер бойынша еуропалық агенттік, АҚШ азық-түлік өнімдері және медикаменттерінің сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқарма қытайлық компания өндірген валсартан белсенді субстанциясын нарықтан шығарумен айналысуда. Оған  белсенді субстанциясының кейбір партиялары препараттарында қауіпті қоспаның болуы себепші болған. Бұл дәрілерді артериялық қысымы жоғары науқастар пайдаланады. Қайтарып алу бастамасы қытай компаниясы валсартан өндірушілеріне жеткізетін белсенді фармсубстанциядан – N-нитрозодиметиламин (NDMA) табылуынан кейін көтерілді. NDMA ықтималды адам канцерогені ретінде жіктеледі. Оның валсартанда болуы белсенді затты өндіру тәсілінің өзгеруіне байланысты деп болжанады. Алайда арнайы тергеу өткізілмегендіктен, онда қандай қоспа барын және науқастың өміріне не қауіп төндіретінін айтуға әлі ерте. Бұл жөнінде брифинг барысында Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы директорының орынбасары Арнұр Нұртаев айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<