Ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған адамды құрықтады

283

0

Кеше Қызылорда облысының Полиция  қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» тас жолы, Қармақшы ауданы тұсында күдік тудырған жеңіл автокөлік тоқтатылды.

Тексеру жүргізу барысында автокөліктің артқы жүк салғышынан ерекше иісі бар сөмке және артқы жолаушылар орындығынан сол тәріздес шөп салынған 2 дана пластикалық құты алынды.  
Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар 16 кг. 788,65 гр.  «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.    
Бүгінгі күні күдікті Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<