Ірі мөлшерде ұрлық жасаған әйелді қолға түсірді

284

0

Ірі мөлшерде ұрлық жасаған  әйелді қолға түсірді Өткен жылдың тамыз айында қала тұрғынының сөмкесінен 13500 АҚШ доллары көлемінде ірі мөлшерде ақша ұрланып, жәбірленушіге 4906305 теңге шығын келтірілген.  
Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде қаланың 30 жасар тұрғыны құрықталып, кінәсін мойындады.  
Күдіктінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық) сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
2019 жылдың 10 сәуіріндегі Қызылорда қаласы сотының үкімі негізінде айыпталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<