Жапониядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түспеген. Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров хабарлады.
«Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарымыз туралы хабар түскен жоқ. Қазақстанның консулы Жапония премьер-министрінің кеңсесінде құрылған дағдарыстық штабпен байланыс орнатып, хабар алысып отыр», – деді А.Смадияров.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан үш адам көз жұмды. Хонсю аралының оңтүстік-батысының өзге аудандарында зілзаладан 40 адам әртүрлі жарақат алған.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<