Ірі жол апаты: 3 адам оқиға орнында көз жұмды

225

0

  Бүгін таңертеңгілік сағат 09:15 шамасында Назарбаев даңғылы бойында жол апаты болды. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Мерседес Бенц» маркалы автокөлігін сол қапталынан ұрып, көлік құралын басқаруға ие бола алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарға соққан. Салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болып, 2 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Кінәлі автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Сараптамалар тағайындалды.
Аталған дерек бойынша Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<