Рамзан Қадыров Шавкат Мирзиёевке екі асыл тұқымды жылқы сыйлады

7

0

Фото: Telegram/Kadyrov_95

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке туған күнінде екі асыл тұқымды жылқы сыйлады. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында жазды.

– Бүгін Грозныйда мен «Ахмат» Азия жекпе-жек лигасының президенті Нәдір Қадыровқа екі асыл тұқымды жылқыны тапсырдым. Бұл тағы бір үлкен ағамыз Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің туған күніне арналған сыйлық. Оның осы асыл жан-жануарларға деген сүйіспеншілігін біле отырып, мен сыйлықтың бағаланатынына сенімдімін. Жылқылар жас болса да, түрлі жарыстарда өзін жақсы жағынан көрсетті, – деп жазады Қадыров.

Сондай-ақ, Шешенстан басшысы Шавкат Мирзиёев пен Өзбекстан халқына ізгі тілектерін жолдаған. Ол Шешенстан Республикасы аймақтар арасында берік бауырластық байланыстардың орнағанын жоғары бағалайтынын және мақтан тұтатынын, сөзсіз, бұған Шавкат Мирзиёевтің жеке өзі үлкен үлес қосқанын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<