Құран оқудан облыстық жарыс өтті

227

0

Жаңақорған аудандық мешіті және «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Құран оқудан облыстық жарыс өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай, «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» акциясы аясында өткен жарысқа ҚМДБ-ның облыс бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен  Нұр-Сұлтан қаласында өткен І республикалық медресеаралық Құран Кәрімді жатқа оқу жарысында «29-30-пара» аталымы бойынша бас жүлдені иемденген жерлесіміз Ж.Әлиакпар қатысып, байқаушыларға сәттілік тіледі.
Сайыста қала, аудан мешіттерінен келген 50-ден астам үміткер Құран Кәрімді мәнерлеп және 2 парасын жатқа оқу бойынша додаға түсті.
Бағалау ережесіне сәйкес, үміткерлерге қазылар алқасы тарапынан үш сауал қойылып, шәкірттердің Құран аяттарын жаттау қабілеті, оқу мәнері және әуезділігі ескерілді. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан» Р.Әлихан бірінші орынды жеңіп алса, ІІ орынды Н.Аююбай, ІІІ орынды М.Сұлтан мен Р.Өмірбектер иеленді. Ал «Құран Кәрімнің 2 парасын жатқа оқу» аталымы бойынша Н.Нәби, Қ.Мұқамбетқали, Ж.Жәпеков жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға лайық деп танылды. Ал сайыстың басты жүлдесі – кіші қажылыққа жолдаманы Б.Біржанов қанжығасына байлады.
Байқау соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға алғыс хатмен табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<