«Рас па, жаным?»: Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева қуанышты жаңалығын бөлісті

421

0

Фото: бейнежазбадан

Белгілі актер Нұрлан Әлімжанов пен әнші Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Құрметті, достар! Сіздермен жаңалығымызбен бөліскіміз келіп тұр! Жаңа бейнебаян! Нұрлан Әлімжанов & Айкерім Қалаубаева. «Рас па, жаным?» 29.06.24 / 19:00 Жуырда! Премьера! Әзірге әнді тыңдай тұрыңыздар!» – деп жазды әнші.

Әншінің оқырмандары жұпқа қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырған. 

«Екі жүрек бір-біріне арналған иә, рас па жаным?», «Керемет жұп», «Алақай. Өмірде бірге болмағандарыңыз өкінішті», «Керемет», «Бақытты болуға лайықтысыңдар», «Мағынасына қарағанда бір жақсы жаңалық бар сияқты. Жақсы бейнебаян күтеміз», – деп жазды оқырмандар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<