Референдум кезінде онлайн дауыс беру қарастырылмаған

891

0

Референдум кезінде онлайн дауыс беру тетігі қарастырылмаған. Бірақ бұл мәселе бойынша ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы уақытта Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Референдум 2-3 жыл бұрын жоспарланған жоқ. Референдумды цифрлық түрде өткізу үшін технология жалпы дайын. Нақтыласам, жарты немесе 1 жыл уақыт берсе, дайындауға болады. Бірақ заңдылығын, ақпараттың қауіпсіздігін де ескеруіміз керек. Дауыс беру қалай өтті? «Базада өзі отыр ма, басқа біреу дауыс берді ме?» деген сұрақтар туындайды. Келешекте қолға алу үшін Орталық сайлау комиссиясына біз ұсыныс жасаймыз, бірге талқылаймыз», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақтөбеліктермен кездесуінде.

Айта кетейік, Қазақстанда келісім базасы жасалды. Енді соның арқасында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктердің операторларына клиенттің жеке деректері смс-код арқылы растау жіберілгеннен кейін ғана қолжетімді болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<