Референдум: Үйден дауыс беруге де өтініштер түсуде

208

0

Фото: автордан

Қызылорда қаласындағы №258 сайлау учаскесінде де таңалагеуімнен референдум науқаны қызу өтуде.

Учаске төрайымы Қалдыгүл Жұмабекова  мұнда 1889 адам дауыс беру құқығына ие екенін айтты.

«Бастапқы бір сағат ішінде 100 шақты адам дауыс берді. Алғаш боп келген 3 адамға сыйлық бердік. Сондай-ақ кәмелет жасына жаңа толған, бірінші рет дауыс берушілерге дайындаған сыйлығымыз бар», – деді ол.

Ал үйден дауыс беруге ынта білдірген әзірге 12 адам тіркелген.

Назерке Саниязова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<