Орталық референдум комиссиясы Конституцияны өзгертуге қатысты өткен референдумның алдын ала нәтижесін жариялады. Дауыс берушілердің 87,15% жаңа Конституцияны қолдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс берушілердің 87,15% жаңа Конституцияны қолдаған.
Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 482 мың 613 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % болды. Референдумда Конституцияны қолдап, дауыс берген азаматтардың саны 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 % болды.






