Ресей Пентагонға зымыран сынағы туралы ескерткен

221

0

Мәскеу ұрыс жағдайында орташа қашықтыққа бағытталатын баллистикалық зымыранды ұшыратыны туралы Пентагонға ескеркен, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі АҚШ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

«Ресей шын мәнінде орташа қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақ ретінде ұшырғанын растай аламын. Ол ресейлік РС-26 «Рубеж» құрлықаралық баллистикалық зымыран үлгісіне негізделген. Құрама Штаттар ядролық қауіп-қатерді азайту арналары арқылы ұшырылым алдында қысқаша хабардар етілді», – деді Пентагон баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх.

Пентагон өкілінің мәлімдемесі бойынша, зымыран кәдімгі оқтұмсықпен ұшқан, бірақ ол ядролық оқтұмсықтарды пайдалануға да қолданыла алады. 

Сабрина Сингхтің айтуынша, АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл зымыранды «эксперименталды» деп сипаттады, өйткені мұндай қару Украинадағы ұрыс даласында алғаш рет қолданылып отыр және бұл АҚШ-тың алаңдаушылығын тудырды.

Шиеленіс күшейгеніне қарамастан, АҚШ Қорғаныс министрлігі осы аптада Украинаға жаяу әскерге қарсы миналар беретінін растады.

Бұған дейін хабарланғандай, Ресей ұрыс жағдайында баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<