Ресейде чикунгунья қызбасының сырттан әкелінген бір жағдайы тіркелді. Роспотребнадзордың хабарлауынша, науқас Сейшель аралдарында демалып келгеннен кейін Мәскеуге оралған, деп хабарлайды агенттік тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда жағдай бақылауда. Мәліметке сәйкес, науқас елге оралған соң ауруханаға жатқызылған. Вирус арнайы тест-жүйелердің көмегімен анықталған.
Инфекцияның Ресей аумағында таралу қаупі төмен, себебі бұл қызба адамнан адамға тікелей жұқпайды, тек инфекция жұқтырған масалардың шағуы арқылы таралады.
Чикунгуньяның эндемикалық аймақтарына Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері, Орталық және Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Батыс Тынық мұхиты аймағы, Араб түбегі және Үнді субконтиненті жатады.






