Ресейде SnapChat қолданбасы бұғатталды

7

0

Фото: Freepik

Ресейдің ақпараттық технологияларды және коммуникациялық қызметтерді қадағалау федералды қызметі (Роскомнадзор) SnapChat қолданбасын бұғаттады, деп хабарлайды РИА Новости.

— Роскомнадзор 2025 жылдың 10 қазанында қоғамдық коммуникациялар желісін орталықтандырылған басқару ережелеріне сәйкес сервисті бұғаттау шараларын қабылдады, — деп жазады басылым.

Агенттік мессенджердің лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыру және қылмыскерлерді тарту, сондай-ақ ресейліктерге қарсы алаяқтық және басқа да қылмыстарды жасау үшін пайдаланылатынын мәлімдеді.

Роскомнадзор 2025 жылдың 10 қазанында бұған дейін Apple компаниясының FaceTime бейнеконференция байланыс қызметіне шектеу қойған болатын.

Мемлекеттік Думаның Ақпараттық саясат, технологиялар және коммуникациялар жөніндегі комитетінің мүшесі Антон Немкин бұл шешімнің негізді екенін, өйткені азаматтарды қорғау басты міндет екенін айтты. Ол көптеген халықаралық компаниялар заң талаптарын елемейтінін, сондықтан жалғыз амал қылмыскерлердің байланыс арналарын жабу, шектеу қою екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Ресейде Roblox онлайн-ойын платформасы ресми түрде бұғатталды.