Ресейде Тобыл өзенінің деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін

639

0

Фото: pixabay.com

Ресей Федерациясы Қорған облысының губернаторы Вадим Шумков Тобыл өзеніндегі су деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады ТАСС.

Бір түнде Қорғандағы бақылау-өлшеу стансасындағы Тобыл өзенінің су деңгейі 24 см-ге артып, 970 см-ге жетті, деп хабарлады жергілікті билік.

РФ Қорған облысы Тобыл өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты 669 тұрғын үй мен 2376 саяжайды су басып, 25 елді мекен электр қуатынсыз қалды. Билік Тобыл маңындағы барлық елді мекендердің тұрғындарын, соның ішінде облыстың әкімшілік орталығы Қорған қаласын да көшіруге шақырды.

Облыс губернаторы Вадим Шумков аймақта «қиын жағдай» болжанатынын атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Есіл өзеніндегі су деңгейінің қарқынды көтерілуіне байланысты Ресейдің Түмен облысында да күрделі жағдай қалыптасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<