Топ-баннер2

Ресейлік ғарышкер Балқаш көлінің ғарыштан түсірілген суретін жариялады

7

0

Фото: Олег Артемьевтің инстаграм парақшасынан

Ресейлік ғарышкер, Ресей Батыры Олег Артемьев әлеуметтік желідегі парақшасында Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) түсірілген Балқаш көлінің бірегей суреттер топтамасын жариялады.

Орбитадан түсірілген кадрлардан көлдің ерекше жарты ай пішіні мен оның айналасындағы ландшафт анық байқалады. Осы орайда жазба авторы әлеуметтік желідегі оқырмандарына сауал тастап, Балқаштың әсемдігіне тәнті болды.

– Сіздер үшін Халықаралық ғарыш станциясы бортынан әр жылдары түсірілген Балқаштың суреттер жинағын дайындадым. Сіздерге қай сурет көбірек ұнады? – деп жазды ғарышкер Instagram-дағы парақшасында.

– Рақмет!

– Сүйікті Қазақстанымыз бен Балқашымыз тағы да назарда! Бір суретті таңдау қиын, бәрі де бір-бірінен асып түседі

– Қазақстаннан сәлем!

– Рақмет. Мен Балқаш қаласынанмын.

– Балқаштан 400 шақырым жерде, Қарағанды қаласында тұрамын. Екінші сурет тіпті керемет екен – деп оқырмандар ақжарма тілегін білдіріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкіметке Жайық пен Балқаштың экожүйесін «Цифрлық егіз» технологиясы арқылы бақылауды ұсынған болатын.