Фото: elements.envato.com
Ресейлік компаниялардың Қазақстанға көшуі жалғасып жатыр. Дегенмен, соңғы уақытта оның қарқыны айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Finprom.kz порталының мәліметінше, соңғы жылдары елімізде шетелдік капиталдың қатысуы бар жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 24,3 пайызға артып, 54,4 мыңға жетіп отыр. Дегенмен, мұндай кәсіпорындардың төртеуінің үшеуі ғана жұмыс істеп тұр. Тамызда олардың саны 41,4 мың кәсіпорын болды.
Елімізге келіп жатқан заңды тұлғалардың 78 пайызы сауда, қызмет, ІТ-кластер, әкімшілеу және қосалқы қызмет көрсету сарапшылары сынды салаларды қамтиды. Экономиканың басқа да секторларында өсім байқалғанымен мардымсыз.
Қазақстандағы әрбір кінші шетелдік кәсіпорын ресейлік. 1 жыл бұрын олардың саны 11,9 мың болса, биыл 18,6 мыңға жетіп отыр. Елімізде жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындар қатарындағы ресейлік компаниялардың үлесі 44,9 пайызды құрайды. Одан кейінгі орында түрік бизнесмендері тұр. Тамыз айының соңында елімізде түріктің 3,7 мың заңды тұлғасы болды. Ал үшінші орында тұрған Өзбекстанның 2,7 мың компаниясы тіркелген.
Солтүстік көршіміздегі саяси және экономикалық оқиғалар аясында ресейлік компаниялардың Қазақстанға көшуі жиіледі. 2022 жылдың басында елімізде 8 мың ғана ресейлік заңды тұлға тіркелген болатын. Дәл қазіргі уақытта көрсеткіш бірден 2,3 есеге өсіп отыр.
Осы жылдың басында да ресейлік бизнес-резиденттердің Қазақстанға көшуі жалғасты. Дегенмен, өткен жылға қарағанда қарқыны төмен, ай сайынғы өсімі 3-5 пайызды құрайды. Жазда тіпті төмендеп, айына 0,8 пайыздан 1,3 пайызға дейін ғана тіркелді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<