Ресеймен шекарада 200-дей жүк көлігі тұрып қалды

795

0

Фото: newscentralasia

Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясы бағытында 6 шілдеден бастап «Сырым» автомобиль өткізу бекетінде 200-ге жуық жүк көлігі тұрып қалды.

Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткеніндей, Ресей тарапынан шекаралық бақылау процестерінің баяулауы кептелістің негізгі себебі болып отыр.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес Ресейдің шекара қызметі „Маштаков“ өткізу бекетінде инспекциялық-тексеру кешенінің жұмысындағы проблемаларға байланысты жүктерге физикалық бақылау жүргізеді. Қазақстандық тарап жағдайды реттеу үшін ресейліктермен жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, ЕАЭО елдерімен шекарада мемлекеттік кірістер органдары тек тасымалданатын жүктерге мониторинг жүргізеді (5-7 минут ішінде), бұл кептеліс туғызбайды.

«Сырым» автомобиль өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<