Ресейдің Твер облысында қажылыққа бара жатқан адамдары бар экскурсиялық автобус аударылып, соның салдарынан екі жолаушы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
Автобус қажылыққа адамдарды алып бара жатқан, онда 40-қа жуық адам болған. Екі жолаушы қаза тауып, 11 адам ауруханада жатыр. РФ ТЖМ Орталық өңірлік орталығының дерегі бойынша, қалғандары уақытша орналастыру бекеттеріне жеткізілген. Таяу уақытта қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<