Краснояр аймағындағы Ванкорск ауданында Ми-8 тікұшағы құлап, 18 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостибасылымына сілтеме жасап.
РФ ТЖМ деректеріне сүйенсек, апат Игарка елді мекенінен екі шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да болған.
Тергеу комитетінің айтуынша, тікұшақта экипаждың үш мүшесі мен 15 вахташы отырған. Қауіпсіздік ережелерін бұзды бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Дегенмен соңғы ақпараттарда апатқа басқа Ми-8 тікұшағының жүгі себеп болды деген мәлімет шықты. Тікұшақ жүкке соқтығысып қалған. Соның салдарынан аударылуы мүмкін.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<