Ресейлік арна Денис Теннің өмірі желісінде деректі фильм түсірді

196

0

Ресейдің «Матч ТВ» арнасы марқұм болған қазақстандық фигурист Денис Тен жайлы фильм түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фильмнің түсірілуін Алматыда дүниеге келген Matchtv.ru порталының шолушысы Константин Столбовский мен спорт журналисі Сергей Райлян өз қолдарына алыпты. «Денис Тен. Он үш» атты туындының әрбір 13 бөлімінде спортшы жайлы оның туыстары, достары мен әріпстестері сөз қозғайды. Фильмге мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы атанған Алексей Ягудин, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін жеңімпазы Илья Ильин, Денистің алғашқы жаттықтырушысы Айгүл Қуанышова мен Мәскеуде спортшының жаттығуымен айналысқан Елена Водорезова естеліктері қослыған.
Бұған қоса «Матч ТВ» арнасы Денис Теннің өнер көрсеткені түсірілген мұрағаттық жазбаларын жариялапты.
Естеріңізге салайық, танымал спортшы Алматыда 2018 жылдың 19 шілдесінде көлік айнасын ұрламақ болған азаматтардың қолынан көз жұмған еді. Ол фигурист мерт болған жерде  оған арнап ескерткіш орнатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<