Ресейлік «Спартакта» ойнаған футболшы «Қайсардың» сынағына келді

226

0

«Қайсар» командасының Түркия жерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасының бұрынғы шабуылшысы Александр Прудников келіп қосылды.
Ол кезінде атақты команда сапында ойын көрсеткен болатын. Одан кейінгі жылдарда сол елдің «Анжи», «Орынбор», «Томь», «Кубань», «Динамо», «Амкар», «Алания», армениялық «Алашкерт», сондай-ақ Беларусьтің «Витебск» командаларында ойнаған.
Айта кетейік, «Қайсар» 3-27 қаңтар аралығында Түркияның Анталия қаласында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Қазір командада қазақстандық футболшылармен бірге Ресейден Алексей Шумских,  Мозамбиктен Режиналдо Файфе сынақтан өтуде.
Бүгінгі күнге дейін «Қайсар» басшылығы қазақстандық қорғаушылар – Елдос Ахметов және Бағдат Қайыров, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе, кабо-верделік жартылай қорғаушы Алвин Фортес және украиналық Ризван Аблитаровпен келісімшартқа отырған болатын.

Әділет ТАЛАПТАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<