Республикалық конкурстың жүлдегері атанды

240

0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 2018 жылғы 2 шілдедегі «Азаматтық қорғау органдарында республикалық конкурстар өткізу әдістемелерін бекіту туралы» №127 бұйрығының 7 қосымшасына сәйкес, ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында «Кезекші-диспетчерлік қызметтің үздік қызметкері» республикалық конкурсының екінші кезеңі өткізілді.
Екінші кезеңде аумақтық конкурстық комиссиялардың анықтаған жеңімпаздары тәжірибелік және шығармашылық (үй тапсырмасы)  бөлімнен білімдерін сынады.
Тәжірибелік бөлімде төтенше жағдайлар туралы жарияланған кіріспе ақпаратқа шартты ден қою (орындалған іс-қимылдар алгоритмі) түрінде жүргізіліп, конкурсқа қатысушы қызметкерлер есептік материалдар топтамасын қалыптастырды.
Шығармашылық бөлімде кезекшілік-диспетчерлік қызмет бөлімшесінің қызметі туралы проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын көрсете отырып, ұзақтығы 3 минуттан аспайтын бейнесюжет арқылы бақ сынасты.
Осы конкурсқа Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісі азаматтық қорғау аға лейтенанты Ким Евгений Константинович қатысып, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары төтенше жағдайлар департаменттері Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармаларының қызметкерлері арасында 3 жүлделі орынға ие болды.

Қызылорда облысының
Төтенше жағдайлар департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<