Республика күніне мемлекеттік мереке мәртебесі қайтарылады

733

0

Республика күні мемлекеттік мереке мәртебесін қайтарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

25 қазанды ұлттық мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу;

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.

Еске салайық, бұған дейін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталуы мүмкін екені хабарланған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<