Апта басында Қызылорда облысында алғаш рет ҚР Туризм және спорт министрлігі «Республикалық оқу-әдістемелік талдау орталығының» бастамасымен облыс әкімдігінің қолдауы аясында еліміздің барлық өңірінен келген 300-ге жуық спорт саласының қызметкеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталған болатын. Бір аптаға жалғасқан шеберлік сағаты бүгін өз мәресіне жетіп, спорт мамандарына арнайы куәлік табысталды.
Өз кезегінде басқарма басшысы білім жетілдіруде белсенділік танытқан барлық мамандарға өз ризашылығын білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, «Республикалық оқу-әдістемелік талдау орталығының» оқытушыларына да алғысын жеткізді.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы






