Республикалық маңызы бар жолдардың бойынан 14 мың тонна қоқыс жиналды

276

0

Фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері жол бойындағы қоқысты жинауды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бүгінгі күні республикалық маңыздағы күре жолдардың бойынан 14 мың тонна қоқыс жиналды.

«Бұл қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етудегі маңызды фактордың бірі. Біз тазалықты сақтауға өзіндік үлесін қосқан әр азаматқа алғыс білдіреміз. Құрметті автожүргізушілер, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұжымы күре жолдардағы тазалықты сақтауды және қоқыс пен өзге де қалдықтарды жол бойында тастамауды сұрайды. Сапарларыңыз қауіпсіз, таза, әрі жайлы болу үшін бірлесе қызмет етейік. Елімізді және ел экономикасының күре тамыры – автожолдарды таза ұстайық, – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<