Республикалық турнирдің жүлделі қызметкерлерін құттықтады

116

0

Фото: Qyzylorda PD

Кеше Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы республикалық деңгейдегі спорттық додаларда топ жарып, облыс намысын абыроймен қорғаған тәртіп сақшыларын қабылдап, лайықты марапаттарын табыстады.

2025 жылғы 25-28 қыркүйек аралығында Ақмола облысында өткен белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың полиция аға лейтенанты Оразбай Арайлым үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс — спорттағы табандылық пен ерік-жігердің айқын көрінісі.

Сондай-ақ, 12-21 қыркүйек аралығында Алматы облысында өткен «Ақ бидай» VII республикалық ауыл спорты ойындарында қазақ күресінен 90 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болған, ЖҚАЖ инспекторы Серік Ақылбек Болатұлының жетістігі де жоғары бағаланды.

Құттықтау барысында департамент бастығы қызметкерлерге алғысын білдіріп, олардың мұндай табыстары тек спортта ғана емес, кәсіби қызметте де жігерлі болуға шабыт беретініне сенім білдірді.