Республикалық жолдарда көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды

666

0

Фото: pixabay.com

Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашық. Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын септі, деп хабарлайды Kazinform «ҚазАвтоЖол» Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабық болды. Желіде 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыс істеді.

Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<