Режиссер Талғат Теменов Тоқаевқа ұсыныс айтты

318

0

Режиссер Талғат Теменов Тоқаевқа ұсыныс айтты Кездесу барысында еліміздегі театр өнерін дамыту мәселелері талқыланды

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында еліміздегі театр өнерін дамыту мәселелері талқыланды.

Талғат Теменов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордадағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының жаңа ғимаратын салу жұмыстары туралы баяндады.

Сондай-ақ белгілі театр және кино режиссері болашақта мәдениет жылын жариялау, жас актерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, баспанамен қамту мәселелері бойынша бірқатар ұсыныс айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етуде өнердің, соның ішінде театрдың маңызын атап өтіп, алдағы уақытта мәдениетке, театр мен киноға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде көңіл бөлу жалғаса беретінін айтты.