Риддерде тауда аяғын сындырып алған ресейлік турист құтқарылды

483

0

Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының іргесіндегі тауда сноуборд теуіп жүрген ресейлік турист аяғын сындырып алған.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 34 жастағы әйел Ресейдің Омбы қаласынан Риддердің көркем табиғатында тынығу үшін келген. Таулы жердегі демалыс базасында сноуборд теуіп жүрген ол кенет құлап, аяғын сындырып алды.
«Турист жолдан шығып кетіп ағашқа соғылған. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері сол жерге шұғыл жетіп, жәбірленушінің аяғын абайлап көтеріп, сплитбордпен таудан түсірді. Осылайша, құтқарушылар ресейлікті жедел жәрдем дәрігерлеріне жеткізіп берді», – делінген ақпаратта.
Осы ретте, ТЖД қызметкерлері туристерді барынша абай болып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<