Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен облыс көлемінде оқушы, студенттер арасында «РЭП – есірткіге қарсы!» ұранымен байқау ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.
Байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңі Қызылорда қаласы, аудандар көлемінде өткізілсе, екінші кезеңге ең үздік болып танылған 18 үміткер қатысып, тақырыпқа байланысты ізденіп, нашақорлыққа қарсы рэп орындап, есірткі мәселесін кеңінен ашатың өздерінің шығарған композицияларын ұсынды.
Құрылған сайыстық комиссия шешіміне байланысты, екінші кезеңге қатысқан барлық сайыскерлер жеңімпаз атанып, 1,2,3 орындар иеленді.
Облыс жеңімпазы болып: Қармақшы ауданы №№274, 113 орта мектеп оқушылары – Мамбетов Сұлтан, Қанибек Ернар, Тұрақов Ерсұлтан; Қызылорда қаласы «Қазанғап» атындағы музыкалық жоғары колледжінің студенттері – Әбілқасым Қуаныш пен Әбдірайым Қабілет танылды.
Шынар БЕКБАН
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<