Өңірлік штабтың үшінші отырысы өтті

46

0

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Кимнің төрағалығымен Қызылорда облысының өңірлік штаб отырысы құрамына енгізілген уәкiлетті мемлекеттiк органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлерінің, сонымен қатар,  сәйкестікті растау органдар, сынау зертханалары/орталығы, облыс кәсіпорындардың өкілдерінің  Өңірлік штабтың үшінші отырысы өткізілді.
Отырыс барысында, ҚР-ның «Стандарттау туралы» заңы, ЕАЭО-ның  043/2017 «Өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіретін құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптары, ЖШС «Компания Гежуба Шиелі цемент» мекемесінің сынақ зертханасын аттестаттау сұрақтары талқыланды.
Кездесу барысында қатысушыларға «Стандарттау туралы» ҚР Заңының негізгі талаптарымен РМК «ҚазСтИн» ҚФ-ның директоры Гүлназ Шарапат таныстырды, аталған заңда негізгі зейінді қажетті стандарттарды қабылдауға бағытталғандығы, экономика салалаларында стандарттарды жасау жоспары стандарттарды жүйелеп сараптама жасау арқылы жүзеге асырылады, ал стандарттарды бекіту кезінде стандарттардың қолданылуы жөнінде мониторинг жасалатындығы аталды.
2020 жылдың 1-ші қаңтарында күшіне енетін ЕАЭО-ның  043/2017 «Өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіретін құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптары жөнінде Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Руслан Сламбекұлы Қайрақбаев баяндама жасады.
Өңірлік штаб отырысының күн тәртібі бойынша ЖШС «Компания Гежуба Шиелі цемент» мекемесінің сынақ зертханасын аттестаттау сұрақтар қарастырылды.
ЖШС «Компания Гежуба Шиелі цемент» мекемесінің директоры Алмас Сураншиев кәсіпорынның проблемалық мәселелері, атап айтқанда мекемеде сынақ зертханасын аттестациялау кезіндегі туындаған проблемалар туралы айтты.
Өңірлік штаб отырысы соңында нәтижелі пікір алмасу болды, барлық проблемалық мәселелер хаттамаға енгізілді, шешім қабылдауды қарау үшін Техникалық реттеу комитетіне жіберілетін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз