Құрметті демалысқа шығарып салу

1265

0

«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облыстық филиалының ұжымын толқытатын сәт – ол әріптестерін құрметті демалысқа шығарып салу болып табылады.
2018 жылғы 5 наурызда «Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облыстық филиалының құрметті жұмыскері Тен Татьяна Иосифовнаны зейнет демалысына шығарып салу салтанаты ұйымдастырылды.
Шығарып салу салтанатында азаматтық қорғау органдарындағы қызметіне өз өмірін арнаған адамдарға деген құрмет пен ізгі ілтипат атмосферасы орын алды.
Филиал директоры Ғ.К. Төрешов гүл шоғын, сыйлық және мерейтойлық құттықтау папкасын ұсына отырып, «Шаруаға толы ұзақ әрі ауыр жұмыс күнінен соң демалыс та керек, сондай-ақ, ұзақ әрі белсенді еңбек қызметіміз үшін зейнет демалысы керек. Ол бізге, жұмыс барысында уақытымыз жетпеген жәй ғана өмірдің қарапайым қызықтарына рахаттану үшін қажет. Сондықтан да зейнет демалысында сәттілік пен қызықты өмір тілеймін. Сізге өміріңіздің ең қымбат жылдарын біздің қиын қызметке арнағаныңыз үшін алғыс айтамын. Алға қойған тапсырманы адалдықпен атқарып, жас буынға үлгі бола білдіңіз. Сізге осынау жылдар бойы жаныңызға демеу болып, қолдап, берік тірек болып келген жанұяңызға аса ризашылығымды білдіргім келеді. Сізге ұзақ та бақытты өмір, сарқылмас денсаулық пен сәттілік тілеймін! », – деді филиал директоры Ғ.К.Төрешов.
 «Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облыстық филиалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<