Түркістан қаласында «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен USTEM Foundation робототехника сайысы ұйымдастырылды.
Аталған байқауда Қызылорда қаласындағы №282 мектеп-лицейінің дарынды оқушыларынан құралған «Robo Princess» командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі I орынға ие болды.
Сайыс барысында қатысушылар робототехника саласындағы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, инженерлік ойлау, бағдарламалау және командалық жұмыс дағдыларын тиімді қолдана білді. Нәтижесінде «Robo Princess» командасы өздерінің тың идеясы мен ұтымды шешімдері арқылы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Жеңімпаз команданы сайысқа дайындаған жетекшілері Жусупова Алтынай мен Өмірбек Қарлығаш. Ұстаздарының еңбегін ерекше атап өту керек.
Сонымен қатар, аталған команда FIRST Regional Cup – 2025 байқауында да үздік нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама жеңіп алды. Бұл жетістік жас өнертапқыштардың болашағынан зор үміт күттіреді.






