Роналду әлемде бірінші болып Instagram-да 150 млн жазылушы жинады

222

0

Португалияның және Туриннің «Ювентус» құрамаларының шабуылшысы Криштиану Роналду әлемде Instagram әлеуметтік желісінде жазылушылар саны 150 млн-ға  жеткен алғашқы адам болды.

Португалдықтың соңынан  жазылушылар саны жағынан  америкалық әнші Селена Гомес (144,5 млн жазылушы) келеді.

Ал футболшылар арасынан  бәрінен көп жазылушылар Бразилия құрамасының  шабуылшысы Неймар (108 млн) мен «Барселона» форварды Лионель Мессидің  (105 млн) еншісінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<